BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Астанада Рамазан айында мешіттерге арнайы автобустар қатынайды

Фото: Astana LRTР

Astana LRTР Рамазан айында үш мешітке қатынайтын бірнеше автобус маршруттарын іске қосты. Бұл туралы компанияның Facebook-тағы ресми парақшасында хабарланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Әзірет Сұлтан» мешітіне келесідей аялдамалардан маршруттар жүреді:

- «Спутник» супермаркеті ;
- «Астана-1» темір жол вокзалы;
- «Көктал-2» тұрғын үй алабы.

«Нұр Астана» мешітіне:
- Медицина колледжі;
- «Астана-1» темір жол вокзалы;
- «Көктал-2» тұрғын үй алабы.

«Сәдуақас қажы ғылмани» мешітіне:
- «Спутник» супермаркеті ;
- «Көктал-2» тұрғын үй алабы.

Бүгін қасиетті Рамазан айы басталды. Ораза 17 мамырдан 14 маусымға дейін жалғасады. Ал Діни басқарма төралқа мәжілісі мүшелерінің шешімімен биылғы пітір-садақа мөлшері 300 теңге болып бекітілді. Пiтiр-садақаны Рамазан айының басынан Айт намазына дейiн беруге болады. Маусымның 10-нан 11-іне қараған түн – қасиетті Қадір түні. Ораза айт 15 маусымда, ал Құрбан айт 21 тамызда басталады. Сондай-ақ, осыған дейін ораза және намаз кестесін жариялаған болатынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер