Астанада Пушкин көшесі 20 тамызға дейін жартылай жабық болады - Қоғам|08 Тамыз 2018, 19:51
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.44
Астана:

Астанада Пушкин көшесі 20 тамызға дейін жартылай жабық болады

Фото: gorod24.online

Астана Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы автокөлік жолдарын орташа жөндеу шеңберінде А.Пушкин бойынша Абай даңғылынан К. Циолковский көшесіне дейінге учаскеде жөндеу жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты 8 тамыздан (сағат 16:00) 20 тамызға дейінгі аралықта көрсетілген учаске бойынша автотранспорт құралдарының қозғалысы жартылай жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала көшелерінде кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер