BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Астанада миграциялық ХҚКО-да жемқорлыққа қарсы комиссарлар жұмыс істей бастады

Астана, BAQ.KZ. Елордадағы миграциялық ХҚКО-да сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге бағытталған шаралар қабылданды. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Осындай тұжырымдар Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тарапынан айтылды. Елордадағы миграциялық ХҚКО-да жемқорлыққа қарсы комиссарлар жұмыс істей бастады.

Мониторинг көрсеткендей, шетелдіктер анықтамаларды алу үшін күту залында минут емес, сағаттап кезегін күтеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің брифингінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың» төрағасы Төлеген Байғұлов атап өткендей, дактилоскопиядан өту, шетелдіктердің жұмыс істеуіне рұқсат беру, мекен-жай анықтамасы, тұрғылықты мекен-жай анықтамасы, елден шығу сынды қызметтерге бар-жоғы екі маман ғана жауап береді. Бұл тиісінше үлкен кезектер мен клиенттердің наразылығын тудыруы мүмкін.

«Бұл мәселе Агенттік басшылығының араласуынан кейін шешілді. Қазіргі уақытта бұл қызметтерге алты маман жауап береді. Енді сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін кезектер жоқ», – деді Т. Байғұлов.

Естеріңізде болса, бұған дейін еліміз бойынша бір айда мыңнан астам адамның көші-қон заңын бұзғандығы туралы жазған болатынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер