BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Астанада мектеп асханалары Astra картасымен төлем қабылдайтын болады

Астана, BAQ.KZ. Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Əнуар Жанғозин елордалық мектеп асханалары Astra картасымен ақы қабылдауды жоспарлап отырғанын айтты.

«Қазір Астана мектептері Astra Plat көлік картасымен тамақтану үшін ақы төлеу жүйесін сынақтан өткізіп жатыр. Пилоттық жоба бірнеше апта бұрын 27-ші, 54-й жəне 59-шы мектептерге енгізілген. Astra Plat картасы терминал арқылы немесе ата-анасының баланс салу есебінен толықтырылады. Бұл тұста балаларға қойылған шектеулер мен диеталарға байланысты сатып алуға тыйым салынған өнімдерді де таңдауға болады. Осылайша, буфетке барған бала ата-анасы тыйым салған тағамды картамен сатып ала алмайды. Төлем карта арқылы жасалады. Баланс ұсталған кезде ата-анасына хабарлама келеді», - деді Əнуар Жанғозин əкімдікте өткен баспасөз мәжілісінде.

Басқарма басшысының айтуынша, бұндай əдіс мектеп асханаларындағы кезекті азайтуға мүмкіндік береді. Себебі, қолма-қол ақша төлеу буфеттердегі ұзын-сонар кезекке əкеледі.

«Егер бұл жүйе сəтті жұмыс істеп, ұзын-сонар кезекті жойса, оны басқа мектептерге де енгіземіз. Сынақтың алдын ала нәтижелері екінші тоқсанның басында жарияланады», - деді Əнуар Жанғозин.

Білім басқармасының мəліметінше, бүгінгі таңда 85 елордалық мектепте тамақтандыру жүйесі, яғни асхана мен буфеттер іске қосылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
19 Қараша 2018, 15:36
Астанада күн жылынады
Пікірлер