BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 343.45 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 399.57 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Астанада Media-2020 конференциясы өтуде

Фото: Нұржас Жақсыбай

Бүгін елордада Астананың 20 жылдық мерейтойы аясында Media-2020 конференциясы өтіп жатыр. Аталған конференция «Азия медиа диалогы» атты Азия-Тынық мұхиттық хабар тарату одағының шарасы шеңберінде өткізіліп отыр, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Media-2020» конференциясы Азия-Тынық мұхиты өңірі арқылы хабар таратушылар үшін жаңа тиімді коммуникация жолдарын ашты. Біздер болашаққа бағдар жасау үшін барлығымызды біріктіретін мүмкіндіктер, әлеуетті арттыру конференцияның негізгі жетістіктерінің бірі болып табылады. Барлығымыз да саяси өзгерістерге бірдей бейімделе білу керекпіз. «Media-2020» шарасы диалог құрып, еркін ой-пікір білдіре алатын пайдалы алаң. Мұнда Еуропа, Азия және Австралиядан келген сарапшылар бар. Румыния Радиосы үшін аталған конференцияның маңыздылығы жоғары», - деді «Радио Румыния» президенті Георге Северин.

Ол аталған шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін «Қазмедиа» орталығының ұжымына алғыс білдіріп, елорданың 20 жылдық мерейтойымен құттықтады.

«Бүгін біз «Азия медиа диалогы» атты ірі шараны аяқтаймыз және оны үлкен нәтижелермен аяқтап отырмыз деп сенемін. Осы өткен төрт күн ішінде табысты конференциялар, семинарлар мен келіссөздер жүргізілді. Бүгінгі күні біздің барлығымызды медиа саласындағы проблемаларды шешу үшін әріптестікке ұмтылу біріктіріп отыр. Бұл істе Азия медиа диалогы өз миссиясын сәтті орындады деп білемін», - деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Нұргүл Мауберлинова.

Еске сала кетсек, шілденің 10-12 аралығында елордада алғаш рет Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағымен (ABU) бірлесіп ауқымды шаралар ұйымдастырылуда. Айта кету керек, Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағы коммерциялық емес ірі кәсіби қауымдастық және ол 69 елдегі 292 хабар тарату ұйымының басын біріктіріп отыр. Оның әлеуетті аудиториясы шамамен 3 млрд адамды құрайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер