BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Астанада көмірдің жалпы қоры қандай?

5 қазаннан 8 қазанға дейін Астанаға 114 вагон немесе 7882 тонна көмір жеткізілген. 8 қазандағы жағдайы бойынша «көмір сатылатын жерде» көмірдің жалпы қоры 11 107,3 тоннаны құрайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Оның ішінде 50 вагон «Шұбаркөл» маркасының көмірі, 44 вагон Майкөбе, 19 вагон Қаражыра, сондай-ақ 1 вагон Богатырь маркасының көмірі бар.

Ал, көмір түрлері мынадай бағада сатылуда: Шұбаркөл - тоннасына 13 500-14 500 теңге, Қаражыра - тоннасына 14 000 теңге, Майкөбе - тоннасына 12 000-12 500 теңге, Богатырь көмірі - тоннасына 8500-9500 теңге, Кузнецкий – тоннасына 12 000-12 500 теңге.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Желтоқсан 2018, 19:28
Астанада 9 көлік соқтығысты
Пікірлер