BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Астанада кейбір көшелерде көлік қозғалысы шектелді

«Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» жобасын іске асыру (әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейінгі аралық) және «LRT» желісінің құрылыс аумағын дайындау аясында Сығанақ көшесінде инженерлік желілерді қайта жабдықтау жұмыстарын жүргізу көзделуде, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған орай 18-26 мамыр аралығында Түркістан және Сығанақ көшесі - Мәңгілік ел даңғылы айырығы арасында жатқан Сығанақ көшесі қозғалыс үшін жабық болады.

Қала жолдарында кептелістерді тудырмау мақсатында елорда тұрғындары мен қонақтарына өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлаған абзал.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер