BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 325.79 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 402.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Астана әкімдігі кәсіпкерлермен бірлесе ақылы автотұрақтар жобасын бастамақ

Бүгін елордалық кәсіпкерлердің жыл сайынғы конференциясында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев кәсіпкерлермен бірлесе ақылы автотұрақтар жобасын жүзеге асыруды қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Конференцияда бизнесмендердің бірі әкімдікке кәсіпкерлермен бірлесе Астанада ақылы автотұрақтар құру жобасын іске асыруды ұсынды. Оның айтуынша, Абай мен Кенесары көшелеріндегі жол қозғалысы бір бағытқа ауысқан соң жағдай одан сайын нашарлаған.

«Биыл біз мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша ақылы автотұрақтар жобасын бастаймыз. Қазірдің өзінде жоба аясында сол жағалаудағы көшелер қамтылды. Кәсіпкерлермен бірге қосымша жобаларды іске асыруды қарастырып жатырмыз. Біз үшін паркинг мәселесі өте маңызды. Қазір қалада 400 мың көлік бар. Ал, қаланың ескі бөлігіндегі көшелер мұндай үлкен көлік қозғалысына сай есептелмеген. Мысалға алсақ, Уәлиханов көшесі күніне 30 мың көлікке есептелген, алайда қазір күн сайын бұл көшеден 100 мыңнан астам көлік өтеді. Сол себепті бұл өте маңызды сұрақ болып отыр», - деді қала әкімі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер