BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Астанада ішімдік ішкен әке баласын ұрып тастады

Фото: moskva.glavny.tv

Әкесінен таяқ жеген 11 жасар қыздың миы шайқалған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«10 наурыз күні №2 қалалық балалар ауруханасының травматология бөлімшесіне 2007 жылы туған қыз анасымен бірге келді. Анасының айтуынша, қызды ішімдікке масайған әкесі ұрып тастаған. Миы шайқалғаны анықталған қыз бала нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Қазіргі уақытта оның жағдайы жақсы, стационарда ем алуын жалғастырып жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер