BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Астанада Халықаралық сәулетшілер конгресі өтеді

Астанада 16 шілдеде Халықаралық сәулетшілер конгресі ресми түрде ашылады. Бүгінде оның жұмысы 18 шілдеге дейін созылады деп күтілуде. Ауқымды шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі мен ҚР Сәулетшілер одағы бірлесіп өткізбекші, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Тәуелсіз Қазақстан тарихында 2018 жыл оның астанасының 20 жылдық мерейтойы мен ерекшеленеді. Бүгінде Елорданың әлеуеті, оның саяси, әлеуметтік-мәдени өмірінің қарқыны, бейбітшілік және келісім орталығы мәртебесі Астанаға тұрғындардың әртүрлі топтары мен әлем елдерінің кәсіби және саяси қауым өкілдерінің назарын аудартуда. Халықаралық сәулетшілер конгресін Қазақстан Републикасының елордасында өткізу Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында орайластырылды. Заманауи дүниежүзілік сәулет өнерінің әлемдік трендтері,оның архитектуралық келбеті Елорданың айшықты ерекшелігі болып табылады, бұл өз кезегінде серпінді дамып жатқан қаланың қайталанбас атмосферасын құрайды. Әлбетте, бұл әлемге әйгілі сәулетшілер мен сәулет өнерінің отандық майталмандарының шығармашылығындағы үндестік нәтижесі», - дейді ұйымдастырушылар.

Конгресстің мақсаты - кәсіби тәжірибе алмасу, әлемдік сәулет өнерінің дамуының концептуалдық-теориялық бағыттарымен және оның негізгі тенденцияларымен танысу; қазақстандық және шетелдік жетекші сәулетшілермен шығармашылық байланыстар орнату; қоғамдағы сананың ашықтығын қалыптастыру–сәулет өнеріндегі ұлттық мәдениеттің үздік дәстүрлерін сақтай отырып, прогрессивті әлемдік тәжірибе мен білімді қабылдау қабілеттілігін қалыптастыру арқылы заманауи отандық сәулет өнерін дамыту.

Конгресс аясында «Қалалық орта: дәстүрі мен келешегі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Сонымен қатар, конгресс жұмысы шеңберінде «Құндылықтарды синтездеу. Жаһандық контекстегі локалдық сәйкестік» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өткізілмек.

Ал, жас сәулетшілер, сонымен бірге студенттер стартап уикенд форматында өткізілетін «Қалалық орта: «Ақылды» аудан» байқауына қатыса алады.

Бұдан басқа, конгресс аясында шеберлік сабақтары, шетелдік танымал сәулетшілердің дәрістері, «Ортаны қалыптастыратын кім?» тақырыбында диалог алаңын өткізу жоспарланған.

Айта кетейік, аталған бас қосуға алыс және жақын шетел сәулетшілері; үкімет пен бизнес өкілдері; еліміздің барлық облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларынан (Астана, Алматы, Шымкент) отандық сәулетшілер; девелоперлер, технологиялық компаниялар, жобалау бюролары, инженер-жобалаушылар; жоғары оқу орындарының сәулет өнері факультетінің студенттері; қала белсенділері, урбанистер, қазіргі заманғы суретшілер; БАҚ өкілдері қатысады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер