BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Астанада гүлзарлар мен саябақтар көбейеді

Фото: astana.zagranitsa.com

Елорда тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру мақсатында қаланың кез келген тұрғын ауданынан 20 минуттық қадамдық қолжетімділікті қамтамассыз ететін саябақтар мен гүлзарлар салу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде үкімет отырысында Астана қаласының 2019-2023 жылдарға арналған жинақы құрылысы жөнінде кешенді жоспары бойынша баяндаған бас қала әкімі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Баршаңызға мәлім, Астананың нақты шешімді қажетсінетін өзекті мәселелерінің бірі – нөсерлі кәріз. 2019 жылдың соңына қарай нөсерлі кәріздің қолда бар тазалау құрылыстарын реконструкциялау және жаңаларын салу жұмыстарын өткізу жоспарланады. Бұл 17 мың гектар ауданды қамтуға және жер үстіндегі сулардың кедергісіз кетуіне мүмкіндік береді. Су жинаудың жалпы алаңы 13 мың гектардан 23 мың гектарға дейін өседі. Бұл 2030 жылға дейін игеру алаңының 66% немесе 2020 жылға нөсерлі кәріз желісіне ағын сулар алаңның 96,5% құрайды. Халыққа сапалы қызметтермен қамтамасыз ету үшін 150 км сумен қамту желілерін және 81 км су бұру желілерін салу күтілуде», - деп баяндады әкім.

Сұлтановтың берген ақпаратына сәйкес, 2 ЖЭО кеңейту және қайта жаңарту қосымша 2-2,5 млн шаршы метр тұрғын және коммерциялық алаңды орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтамасыз ететін болады. Ал 3 ЖЭО-ның бірінші кезегін салу қаланың батыс және солтүстік бөлігінің жылумен қамтамасыз етеді.

«Газдандыру бойынша бірінші кезеңде 2021 жылға қарай Жылу электр орталықтарындағы су жылытқыш және шағын жеке қазандықтарды, сондай-ақ тұрғын-үй алқаптарын газ отынына ауыстыру жоспарланады. Бұл зиянды заттар шығарындыларын 30% төмендетуге мүмкіндік береді. Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында Есіл өзенінің арнасын әрі қарай реконструкциялау жұмысын күшейту жоспарланады. Бұдан басқа, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында, қаланың кез-келген тұрғын ауданынан 20 минуттық қадамдық қолжетімділікті қамтамассыз ететін саябақтар мен гүлзарлар салу жоспарлануда», - деді қала басшысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер