BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Астанада EXPO бизнес орталығы ашылады

Астана, BAQ.KZ. Жақын арада «ЭКСПО-2017» көрмесінің ауласында ауданы 35 мың шаршы метр болатын EXPO Business Centre ашылады.

Орталық «А» кластағы офистерге қойылатын сапаның халықаралық стандарттарына сай салынған. Көптеген компания нысанның негізгі артықшылықтарын бағалайды. Атап өтсек, жайлылықтың ең жоғары деңгейі, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, «Нұр Әлем» сферасы және ЭКСПО Конгресс-орталығына жақын орналасуы – Орталықтың ерекше инфрақұрылымы.

Сонымен қатар, 2019 жылы Қазақстандағы ең ірі Көрме орталығы ашылады. Ол халықаралық және ұлттық көрмелерді, конгресс шаралары мен атаулы маңызды оқиғаларды ұйымдастыруға қолайлы орын болмақ. Мультифункционалды павильондары мен залдары бар орталықтың жалпы ауданы 20 мың шаршы метр. Көрме орталығының сәулеті мен жарықтандыруы заманауи мультимедиялық жабдықтармен жасалған. Ол дегеніңіз, кез келген көлемдегі және ірі деңгейдегі шараларды өткізуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, ЭКСПО территориясында мемлекет басшысының бастамасымен 4 жаһандық жоба іске асырылып жатыр.

Ал «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 100 компанияны – резиденттерді тартты және Аstana International Exchange (AIX) биржасында сауда басталып кетті. АХҚО алдағы үш жылда әлемдегі 50 халықаралық қаржы орталығының тізіміне кіруді жоспарлап отыр.

Америкалық Кремний даласының қазақстандық аналогы - «Astana Hub» ІТ-стартаптардың халықаралық технопаркі бизнес-инкубатор болады. Ол жаңадан бастап келе жатқан ІТ-стартаптарды қолдауды қамтамасыз етеді.

Мұнда инновациялық технологиялар мен «made in Kazakhstan» брендімен шығатын стартаптардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасалған.

IT-Университет – цифрландыру әлеміне біздің елімізді тартатын тағы бір мықты драйвер. Ол «Carnegie-Mellon» және «Singularity University» секілді әлемдегі жетекші технологиялық университеттермен ынтымақтастық арқылы құрылып жатыр.

Қазақстанның цифрландыру саласына жоғары санаттағы мамандарды даярлау инновациялық, жылдамдатылған бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады.

«Халықаралық жасыл технологиялар және инновациялық жобалар орталығы» «Астана Экспо-2017» көрмесінің идеологиялық жалғасы ретінде болады. Ол Қазақстанды «жасыл» экономикаға тездетіп көшуге және кейін Орталық Азия елдерінің көшуіне ықпал ететін болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Желтоқсан 2018, 19:28
Астанада 9 көлік соқтығысты
13 Желтоқсан 2018, 16:48
Астанада шаңғы жарысы өтеді
Пікірлер