Астанада электроавтобустар жүруі мүмкін - Қоғам|12 Қаңтар 2018, 16:07
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Астанада электроавтобустар жүруі мүмкін

Фото: Фото: ОКҚ

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «G-Global «жасыл экономика» мен даму коалициясы» ЗТБ басқарма төрағасы Салтанат Рахымбекова алдағы уақытта елорда көшелерінде электроавтобустар пайда болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Кеше бізге Тараз қаласындағы бірегей жоба таныстырылды. Тараздың мамандары «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне екі автобус алып келді. Ол автобустар электрдің қуатымен 300 шақырым жол жүре алады. Қуаттану уақыты да аз. Біз ол автобустарды қарапайым дизельдік отынмен жүретін автобустардың шығындарымен салыстырып көрдік. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру құны қанша тұрады? Осы сұрақтар төңірегінде біз келесі аптада Астана қаласының әкімдігімен келіссөз жүргіземіз. Тараздық мамандар көлікті Астанада сынақтан өткізуге дайын», - деді Салтанат Рахымбекова.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер