BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Астанада Дүниежүзілік тазалық күніне орай сенбілік өтті

Фото: Нұржас Жақсыбай

Бүгін Дүниежүзілік тазалық күніне орай Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының бастауымен Астана қаласының барлық ауданында сенбілік өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

"Дəл бүгін аталған тазалық күніне орай 156 елден 380 миллионға жуық табиғаттың жанашыры планетамызды қоқыстан тазалауға қатысып отыр. Қазақстан да бұл акциядан тыс қалған жоқ. World Clean Up Day шарасы Астанада ғана емес, еліміздің бірқатар өңірінде ұйымдастырылды", - деді Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының баспасөз хатшысы Меруерт Абдалиева елорданың №37 мектеп гимназиясының аумағында өткен сенбілікте.

Фото: Нұржас Жақсыбай

Оның айтуынша, акция Астана, Алматы, Көкшетау, Семей, Ақтөбе, Сəтпаев, Шымкент, Тараз, Петропавл, Орал, Ақтау, Павлодар, Қарағанды, Қостанай қалаларының білім мекемелерін қамтыды.

Фото: Нұржас Жақсыбай

Баспасөз хатшысының мәліметінше, World Clean Up Day - азаматтық жоба. Оның мақсаты - қоғам, билік, бизнес пен БАҚ-ты табиғатты қоқыстан тазартып, тазалық сақтау үшін бір командаға біріктіру.

Фото: Нұржас Жақсыбай

Атап өтсек, World Clean Up Day жобасы 2008 жылы Эстонияда бастау алған. Алғашқы шарада 50 мың ерікті 5 сағаттың ішінде елді 10 мың тонна қоқыстан тазартқан. Төрт жыл өткен соң бір күндік тазалық шарасының арқасында аумақтың ластану деңгейі 75%-ға азайған. Ал 2018 жылы аталған акция əлемнің 133 елін қамтыған. Олардың қатарында Қазақстан да бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер