BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Астанада дабылды ескерту жарияланды

Астана, BAQ.KZ. Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша қалада ауа райына байланысты дабылды ескерту жариялайды.

"22 қараша күні Астана қаласында тұман түсіп, көктайғақ болады. Ал 23-24 қараша күндері бұрқасын соғуы мүмкін. 22 қарашада таңертең және күндіз, 23-24 қараша күндері тәулік бойы оңтүстік-батыстан соқоққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді" - делінген ТЖД таратқан хабарламада.

Сонымен қатар қалалық Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарының дауыл кезінде сақ болуға шақырады:

- мұқият болыңыз, ауа-райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағалаңыз;

- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, ЭЖЖ және сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;

- құрылыс объектілері қолайсыз ауа райы жағдайы әсерінен аумақтарды және тұрғындарды қорғау, құрылыс алаңдарында мүмкіндікше құрылыс-монтаж жұмыстарына шектеу бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет;

-пәтер мен үйлерде барлық терезелерді нық жабыңыздыр;

- жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз;

- орын жайларда терезеден алшақ болып, электроқұралдарды қолданбауға тырысыңыз;

- аяқ астына мұқият қараңыз, қауіпті жерлерді айналып өтуге тырысыңыз. Егер де мұзды «шалшықты» айналып өту мүмкін болмаса, онда оның үстінен шаңғышы сияқты, жеңіл адыммен жүріңіз;

- жолдан өту кезінде асықпаңыз, жүгіріп өтпеңіз, сақтық шараларын сақтаңыз.

Естеріңізде болсын: ең қауіпті арқамен, бетпен құлауқауіпті, бастан зақым алуыңыз мүмкін. Зардап шексеңіз міндетті түрде дәрігерге алғашқы медициналық көмек алуға қаралыңыз.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз

Естеріңізде болса, бұған дейін еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланғаны туралы жазғанбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер