BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.62 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

Астанада бораннан университет шатыры ұшып кетті 

Астанада Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетіндегі оқу ғимаратының шатыры қатты соққан желден ұшып кетті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Әлеуметтік желі қолданушылары оқиға орнынан фото және видео жариялап жатыр. Жазба иелерінің айтуынша, университеттің бас ғимаратының шатырын жел ұшырып әкеткен.

Айта кетейік, бүгін табиғи жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің шешімімен табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Астана әкімдігі ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарға үйден шықпауға кеңес берді.

Еске сала кетейік, «Қазгидрометтің» болжамына сәйкес, 11 қаңтарда атмосфералық ағындарға байланысты ел аумағының басым бөлігінде қар жауады, тұман, көктайғақ, желмен бірге бұрқасын болады.

Сондай-ақ, ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанада екінші ауысымдағы оқушылар үшін де сабақ болмады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер