BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Астанада аяз күшейеді

Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына сәйкес, алдағы үш күнде ауа температурасы төмендейді. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

5 желтоқсанда күн бұлтты болады. Түнде тұман түсіп, шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -12...-14 °C, күндіз -8...-10 °C. 6 желтоқсанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз.

Шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағанасы түнде -19...-21 °С, күндіз -14...-16 °С көрсетеді. 7 желтоқсанда ауа райы жауын-шашынды болады. Шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -22...-24 °C, күндіз -17...-19 °C құрамақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер