BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Астанада апталық ауылшаруашылық жәрмеңкесінің маусымы басталды

Фото: ашық дереккөзден

Астанада апта сайынғы қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкелері маусымы басталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасның мәліметі бойынша, азаматтар жергілікті өндірушілерден нарықтық бағадан 10% -ға төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік алады.

ХҚКО аумағында Сауран көшесі , 7 мекен жайы бойынша орналасқан ауылшаруашылық жәрмеңкесінде картоп, пияз және тағы басқа да көкөністер, сондай-ақ шұжық, макарон өнімдері сияқты кең ассортимент ұсынылады.

Жәрмеңкелер сенбі және жексенбі күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін өткізіледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер