BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Астанада Ақтөбе мен Түркістан облыстарының жәрмеңкесі өтті

Фото: Нұржас Жақсыбай

Қала тұрғындары мен қонақтары ет, сүт өнімдері мен азық-түлікті арзан бағада сатып алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Астанаға төртінші рет келуіміз. Созақ ауданынан 6 тонна жылқы еті, 3 тонна сиыр етін алып келіп отырмыз. Одан бөлек бір тонна басқа да өнімдеріміз бар. Астанаға ауданнан келген шаруаларға рахмет айтамыз. Жәрмеңкеге келушілер өнімдердің сапасы үшін алғыс айтуда», - дейді Созақ ауданы ауыл шаруашылық және жер қатынастары бөлімінің басышысы Қайырбек Мейірманов.

Жәрмеңкеде сатылған өнімдер базар бағасынан 15-20 пайыз арзан бағаға сатылды.

«Түркістан облысынан келдік. 10 тонна жылқы етін алып келдік. Өтіп жатқан жәрмеңке үшін тұрғындар да, кәсіпкерлер де риза. Қазының келісін 1600 теңгеден сатып жатымыз»,- дейді жеке кәсіпкер Шынаргүл Елқұндиева.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер