BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Астанада демалыс күндері Павлодар облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Астана. Baq.kz. Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелерді өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес 13-14 қазанда Павлодар облысының ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Ауылшаруашылық жәрмеңкеде облыстың барлық өңірлерінің 100-ден астам қайта өңдеуші кәсіпорындары мен ауылшаруашылық құрылымдары қатысады, олар 541 тонна көлемінде өнім әкеледі, оның ішінде 55 тоннадан астам ет және ет өнімдері, 220 тонна картоп, 120 тонна көкөністер және 146 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімдері бар.

Павлодарлық кәсіпорындар қала тұрғындарына азық-түлік өнімдерінің кеңейтілген ассортиментін ұсынады. Ал, жәрмеңкеге келушілерге «Шаңырақ» мәдени-сауық орталығының шығармашылық ұжымдары мерекелік бағдарлама ұсынады.

Жәрмеңке Мұңайтпасов көшесі, 9, «Қазақстан» СК автокөлік қоятын алаңында өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер