Астанада 78 лифт жұмысын тоқтатады - Қоғам|16 Мамыр 2018, 12:33
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.66 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Астанада 78 лифт жұмысын тоқтатады

Астана қаласындағы Сарырақа ауданының әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында лифтілерге қатысты пост жазып, тұрғындарды сынып тұрған лифтілерді пайдаланбауға шақырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Құрметті достар, біз болашағы зор қалада бірге тұрып жатқанымыз үшін бақыттымыз! Біздің астанамыз лезде көлемі жағынан да «биіктігі» жағынан да өсіп келеді. Олардың барлығы қала келбетін түбегейлі өзгертіп жатыр. Астананы сенімді түрде болашақтың қаласы деп атауға болады! Бірақ, мұнымен қатар, жылдам дамып келе жатқан мегаполистің проблемалары да көбейіп келеді. Бұл туралы лифтіге қатысты оқыс оқиғаларды көзімен көргендер айтып жатыр. Қала әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасымен тиісті органдар лифтілер мен жеке пәтер иелері кооперативтері тексеруден өтіп жатыр», - дейді әкім.

Сондай-ақ, әкім бұл лифтілерді жөндеуге ақшаны аймақты дамыту бағдарламасына бөлінген қаржыдан алуды ұсынды.

«Біздің бір ауданның өзінде 1 227 лифт жұмыс істейді. Олардың 15-і толықтай жаңартылуы, ал 63-і жөндеуден өтуі тиіс! Күнделікті тұрмыста тұрғындар осы лифтілерді пайдаланып, өз өмірлеріне қауіп төндіріп жүр. Лифт компаниялары мен қызмет көрсететін ұйымдар тұрғындарға лифтілердің жөндеуден өтетінін ескертулері тиіс! Ауыстыруды немесе жөндеуді талап ететін лифтілер тізімін жариялаймыз. Қазір қалада қолдануға жарамайтын 78 лифт бар. Осы мекенжай бойынша тұрып, аталған лифтілерді пайдаланатын тұрғындардың назарына! Бұл лифтілер бұзылып тұр, оларды жөндеу қажет!» - деп жазды аудан әкімі Арман Тұрлыбек өзінің Facebook желісіндегі парақшасында.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер