BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Астанада 25 мың пәтер рұқсатсыз жалға беріледі

Астана, BAQ.KZ. Құқық бұзушылар туралы ақпарат қалалық мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Астана қаласы полиция департаментінде «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы шығарылды.

«Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасы барысында учаскелік инспекторлар 300 мыңға жуық пәтер мен 30 мыңнан астам жеке үйлерді аралап шықты. Жедел алдын-алу іс-шарасын жүргізу барысында ІІО тіркеуде тұрған 11 мыңға жуық азамат тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Сондай-ақ, 16 мыңға жуық азаматтық қару иелеріне тексеріс жүргізілді.

«Іс-шараны жүргізу барысында жалға берілетін 25 мыңға жуық пәтер тіркеліп, олардың әрқайсысы туралы ақпарат Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді», - делінген хабарламада.

Жедел алдын алу іс-шарасы басталғалы 22 мыңға жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Учаске» ЖАІ 5 қыркүйек пен 5 желтоқсан аралығында өткізілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер