BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Астанада 25 күнде 40 мыңнан аса текше метр қар шығарылды

Астана, BAQ.KZ. Барлық тұрғын үй-коммуналдық мәселе бойынша тәулік бойы Астана iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығына хабарласуға болады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты жазады.

Өткен тәулікте көшені тазалауға 459 бірлік мамандандырылған техника шығарылды. Қаланы санитарлық тазалауға 309 жол жұмысшысы қатысты. 9 қарашада 763 текше метр құм-тұз аралас қоспа себілді. «Астана Тазалық» ЖШС 11 536 текше метр қарды жинап, сыртқа шығарды.

16 қазаннан бастап 9 қарашаға дейін бар-жоғы – 46 890 текше метр қардан тазартылды. Астана әкімдігі барлық тұрғын үй-коммуналдық мәселелер, оның ішінде қар тазалау бойынша Астана iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығына немесе саІІ-орталықтың 109 номеріне хабарласуға болатынын еске салады.

iKomek орталығына сіз келесідегідей тәсілмен хабарласа аласыз:

Telegram чат-боты арқылы: https://t.me/astanaikomek109_bot

astana.gov.kz әкімдігінің сайты арқылы әлеуметтік желілерде #astana109 хэштегін белгілеу арқылы:

1. Facebook www.facebook.com/astana109/

2. Instagram www.instagram.com/astana109/

3. Telegram-канал https://t.me/astana109112


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер