Астана прокуратурасының басшылығы алдағы күндері азаматтарды жеке қабылдайды - Қоғам|12 Тамыз 2018, 10:10
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.87 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 410.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Астана прокуратурасының басшылығы алдағы күндері азаматтарды жеке қабылдайды

Фото: ашық дереккөзден

Астана қаласының прокуратурасы «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы мен әкімдікпен бірлесе отырып, азаматтарды жеке қабылдайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2018 жылдың 16 тамызында, сағат 10:00 мен 16:00 аралығында Астана қаласының прокуратурасы «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы мен әкімдікпен бірлесе отырып, прокуратура, әкімдік, ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі, мемлекеттік кірістер мен әділет департаменттерінің басшылығы және Ұлттық банктің филиалы өкілдерінің қатысуымен қала тіршілігінің көкейкесті сұрақтары бойынша жеке қабылдауы ұйымдастырылады», - делінген хабарламада.

Қабылдау «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының ғимаратында алдын ала жазылу арқылы Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 3 мекен-жайында өткізіледі.

Алдын ала жазылу Астана қалалық прокуратурасының байланыс телефондары 8 (7172) 712449, 712126; «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің байланыс телефоны 8 (7172) 361945 арқылы жүргізіледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер