BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Астана полицейлері жаңа ғимаратқа көшеді 

Фото: Деловой Казахстан

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов бұрын бес жұлдызды Ramada Plaza қонақ үйі орналасқан ғимаратқа Астана ІІД қоныс аударатыны туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бүгінгі күнді Байқоңыр ауданы мен Астана ІІД туған күні деп жазсаңыздар болады. Жаңа ғана 13-қаулы бойынша Ramada Plaza-ны әкімдік иелігіне беру туралы шешім қабылданды. Әкімдік ғимаратты ІІД беру туралы шешім қабылдап қойды. Департамент Ramada Plaza-ға көшеді. Жөндеу жұмыстарын бастаймыз», - деп хабарлады министр.

Қасымов жаңа ғимарт екі мекемеге берілетінін, яғни ол жерге Астана Ішкі істер департаменті мен «Байқоңыр» ауданы орналасатынын атап өтті.

«Жыл соңына дейін қаладағы көп мәселені шешетін боламыз», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер