BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Астана полицейлері "Артем" базарынан 800 телефон тәркіледі

Астана, BAQ.KZ. Қалалық полиция департаментінің қызметкерлері 12 қазанда ұрланған заттар жиналатын орын болуы мүмкін деген нысандарда жоспарлы түрдегі шұғыл-профилактикалық шарасын өткізді. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

«Артем» жабық базарының аумағында орналасқан нысандарда ұрланған телефон, гаджет, ноутбук, планшеттерді сатуы мүмкін деген бутиктер тексерілді. 144 бутик («Бейбарыс» және «Сотовый мир»), оның ішінде 75 жөндеу шеберханасы бар. Осы жерлерден растайтын құжаты жоқ сегіз жүзге жуық гаджет пен қосымша бөлшектер «Криминалды заттар» базасы бойынша тексеруге алынды», - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Бутиктердің иелері және сатушыларын тексеру барысында полиция өкілдеріне шағым жасамады.

Құқық қорғау органдары шетелдермен арадағы келісімге сәйкес ұялы телефондар мен басқа да гаджеттер ұрланғанда жақын шетелдерге (Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және т.б.) ИМЕЙ кодтарды тексеруге жібереді.

A post shared by ДВД г.Астаны (@dvd_astana) on


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер