BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Астана мешітінде ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Елорда полицейлері мешітте жеке мүлікті ұрлаған күдіктіні анықтап, ұстады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Полицияға қала тұрғыны 4 қаңтарда сағат 15.00 шамасында белгісіз адам С.Рахимов көшесінің бойында орналасқан мешіттегі киім ілетін орыннан жасырын түрде күртесін жымқырып кеткені туралы арызбен жүгінген. Оның қалтасында құжаттары мен ақшасы бар әмиән, ұялы телефон, автокөліктің кілті болған. Шығын 200 000 теңгеге жуық ақшаны құраған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізу барысында елорда полицейлері 47 жастағы қала тұрғынын ұстады. Тергеу жүргізу барысында оның осыған ұқсас бірқатар ұрлықтарды жасағаны дәлелденді.

Күдікті мешітке келушілердің күртесін алып, өзінікіндей киіп, оқиға орнынан жасырынған.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188- бабы бойынша («Ұрлық») сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Ұсталған адам Астана қаласы ІІД уақытша қамау изоляторына қамауға алынды. Қала аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер