BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Астана мәслихаты Байқоңыр ауданының шекарасын бекітті

Фото: http://elorda.info

Астана қалалық мәслихат депутаттары қаланың жаңа ауданы Байқоңырдың шекарасын бекітті. Оның ауданы 18,1 га, ал халқының саны 211 мың болады , деп хабарлайды Елорда Инфо.

Елорданың жаңа ауданы – Байқоңырды құру туралы баяндаманы Астана әкімдігі аппаратының жетекшісі Берік Жакенов жасады.

«Елордада адамға қажетті 32 әлеуметтік стандарт бойынша 129 секторға бөлінеді. Мұны тиімді іске асыру үшін аудандық әкімдерге түсетін жүк пен артылатын сенім зор. Бүгінгі күн тәртібіндегі Байқоңыр ауданын құру мәселесі де осы тұрғыдан өзекті. Қазіргі күні ауданды құру бойынша құқықтық, қаржылық және өзге де ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізілуде», - деді Жакенов.

Белгілі болғандай, жаңа ауданның шекарасы Астана-Қостанай бағыты бойынша қатынайтын теміржолдан солтүстікке, қазіргі шекараға Ақбұлақ өзенін бойлай Қошқарбаев даңғылына, Қошқарбаев даңғылынан Сауда көшесіне дейін, Сауда көшесінен 184 көшесіне (жобалық атауы) дейін созылады. Одан әрі Ақбұлақ өзенінен Ақбұлақ және Есіл өзендерінің түйісетін жеріне дейін барады. Есіл өзенінен Қараөткел көпіріне дейін, Бараев көшесінен Республика даңғылына, Республика даңғылынан Бөгенбай батыр даңғылына дейін жетеді. Одан ары Бөгенбай батыр даңғылын бойлай Алаш тас жолына дейін, Алаш тасжолынан теміржолға дейін, теміржол бойымен қаланың батыс шекарасына дейінгі аумақты қамтиды.

«Аудан шекарасына ауданы 460 га құрайтын қалалық зират та кіреді. Нәтижесінде жаңа ауданның ауданы 18,1 мың гектарды құрайды. Ал тұрғындарының саны 211,1 мың адам болады», -деді аппарат жетекшісі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер