BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 393.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

Астана марафоны кезінде бірнеше көше жабылады

Фото: Baq.kz архивінен

17 қыркүйекте елордада жыл сайынғы марафон өтеді. Марафон бағыты қаланың бірқатар көшелерін қамтиды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, марафон Рысқұлов көшесі, Қабанбай батыр даңғылы, Бұқар жырау көшесі, Мәңгілік Ел даңғылы, Сығанақ көшесі, Панфилов көшесі, Тәуелсіздік даңғылы, Нәжімеденов көшесі, Сарыкөл көшесі, Байтұрсынов көшесі, Қошқарбаев даңғылы, Жұмабаев даңғылы, Абылай хан даңғылы, Момышұлы даңғылы, Жұмабаев даңғылы, Қошқарбаев даңғылы, Мәңгілік Ел даңғылы, Қонаев көшесі, Қабанбай батыр даңғылынан шығысқа қарай, Достық көшесі, Мәңгілік Ел даңғылы бойынша өтеді.

Төтенше жағдайды болдырмас үшін марафон кезінде көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады.

Сағат 07.00-ден 13.00-ге дейін келесі учаскелерде көлік қозғалысына толығымен шектеу қойылады:

1) Қабанбай батыр даңғылы, Хусейн бен Талал көшесінен Бұқар жырау көшесіне дейін;

2) Бұқар жырау көшесі, Қабанбай батыр даңғылынан Мәңгілік Ел даңғылына дейін;

3) Мәңгілік Ел даңғылы, Бұқар жырау көшесінен Сығанақ көшесіне дейін;

4) Сығанақ көшесі, Мәңгілік Ел даңғылынан Нәжімеденов көшесіне дейін;

5) Панфилов көшесі, Сығанақ көшесінен Тәуелсіздік көшесіне дейін.

Сағат 08.00-ден 10.30-ға дейін келесі учаскелерде қозғалыс толығымен шектеледі:

1) Тәуелсіздік даңғылы, Панфилов көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейін;

2) Нәжімеденов көшесі, Тәуелсіздік даңғылынан Сарыкөл даңғылына дейін;

3) Сарыкөл даңғылы, Нәжімеденов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін;

4) Байтұрсынов көшесі, Сарыкөл даңғылынан Қошқарбаев даңғылына дейін;

5) Қошқарбаев даңғылы, Байтұрсынов көшесінен Жұмабаев даңғылына дейін;

6) Жұмабаев даңғылы, Қошқарбаев даңғылынан Момышұлы даңғылына дейін;

7) Момышұлы даңғылы, Жұмабаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін.

Сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін мына учаскелерде қозғалыс толығымен шектеледі:

1) Абылай хан даңғылы, Момышұлы даңғылынан Жұмабаев даңғылына дейін;

2) Жұмабаев даңғылы, Абылай хан даңғылынан Қошқарбаев даңғылына дейін;

3) Қошқарбаев даңғылы, Жұмабаев даңғылынан Мәңгілік Ел даңғылына дейін.

Сағат 11.30-дан 13.00-ге дейін көлік қозғалысы келесі учаскелерде толығымен шектеледі:

1) Мәңгілік Ел даңғылы, Қошқарбаев даңғылынан Қонаев көшесіне дейін;

2) Қонаев көшесі, Мәңгілік Ел даңғылынан Қабанбай батыр даңғылының шығысына қарай;

3) Қабанбай батыр даңғылының шығысына қарай, Қонаев көшесінен Достық көшесіне дейін;

4) Достық көшесі, Қабанбай батыр даңғылының шығысынан Мәңгілік Ел даңғылына дейін;

5) Мәңгілік Ел даңғылы, Достық көшесінен Хусейн бен Талал көшесіне дейін.

Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция әкімшілігі елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліске тап болмас үшін жүру маршруттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес береді. Жедел-жәрдем көліктері (жедел-жәрдем көрсету қызметі, ТЖ және ІІМ қызметтері) сол жерде қызмет етіп тұрған қызметкермен көлденең бағытта жіберіледі.

Рысқұлов көшесінің бойында орналасқан емдеу мекемелеріне Тұран даңғылы, Хусейн бен Талал (бұған дейін №31) көшесі жағынан келуге кеңес беріледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер