BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Astana LRT жол картасына қатысты шыққан шуға жауап берді 

Фото: автор

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Astana LRT ЖШС төлем жүйесі департаменті директоры Дәурен Нұрәлиев әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде қоғамдық көліктерде картадан екі есе қаражат алынатыны туралы ақпарат тараған. Дәурен Нұрәлиев бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

«Автобустағы валидаторда картадан екі есе қаражат алынғаны туралы ақпарат тарады. Ол шындыққа жанаспайды. Валидатордан екі есе қаражат алынуы мүмкін емес», - деді ол «Астанадағы қоғамдық көліктердегі өзекті мәселелер» атты дөңгелек үстелде.

Кейін ол отырысқа арнайы валидатор алынып келгенін айтып, оған карточка арқылы жол ақысын төледі. Валидатор картадан 90 теңге ұстап қалды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер