BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Астана көшелерінде бірегей мекенжай тақтайшалары пайда болды

Фото: astana.gov.kz

Астана қаласының 15 көшесінде сәуле жарығымен жарықтандырылған жаңа тақтайшалар пайда болуда. Жарық жинағыш аншлагтар дәстүрлі тақтайшаларды алмастыруда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Үйдің мекенжайын көрсететін ерекше жарық жинағыш тақтайшалар фотолюминесценттік қабықшадан жасалған, бұл түнде сәуле шығару мүмкіндігі бар материал түрі.

«Сәуле шығару материал құрамында люминофор аталатын қабықшасының болуына байланысты. Бұл заттектің құрамындағы бөлшектер қайнар көзден энергияны жылдам жинақтап, содан кейін электр қуатын пайдаланбай түнде ұзақ уақыт бойы жарық бере алады», - дейді «Байқоңыр» ауданының әкімі Ерлан Каналимов.

Жаңа тақтайшалардағы жарықтың әсер ету ұзақтығына байланысты сәуле тарату уақыты 4 сағаттан 12 сағатқа дейін. Е. Каналимовтың айтуынша, қазіргі таңда «Байқоңыр» ауданындағы көшелердің атауы мен үйлердің реттік нөмірі жазылған аншлагтарды орнату жұмыстары жүргізілуде.

Жұмыстар келесі мекенжайларда атқарылуда: Ж. Ташенов көш., А. Бараев көш., Республика даңғ., А. Иманов көш., Кенесары көш., Абай даңғ., Ж. Досмұхамедұлы көш., Асан қайғы көш., А. Янушкевич көш., А. Пушкин көш., А. Кравцов көш., Сембинов көш., А. Жұбанов көш., М. Ғабдуллин көш., Ш. Уалиханов көш. Қазіргі уақытта барлығы 360-тан астам жарық жинағыш қабаты бар аншлаг орнатылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қазан 2018, 21:35
"Өзгеретін уақыт болды"
Пікірлер