BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Астана кинотеатрларында балаларға арналған қайырымдылық көрсетілімдер ұйымдастырылады

Фото: astana.gov.kz

Елдің әлеуметтік саясатын жүзеге асыру, халық арасында меценаттықты насихаттау, сондай-ақ мәдениетті жоғарылату мен әлеуметтік бейімдендіруге қолдау көрсету мақсатында бүгін «SOS балалар ауылы» мен «Бала асырап алуды қолдау орталығының» 176 тәрбиеленушісі үшін «Монстры на каникулах 3» мультфильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтті. Шара бастамашысы – Астана әкімдігі, елорда кинотеатрларының желісі мен «Q-group» компаниясы, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында алғаш рет «Кедергісіз Қазақстан» жобасы бастау алды. Оның аясында елорда кинотеатрларында бір ай көлемінде әр сәрсенбі сайын жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және аутизм ауруына шалдыққан балалар үшін мультфильмдердің тегін көрсетілімі ұйымдастырылатын болады. Жобаның басты мақсаттарының бірі – әлеуметтік бейімдеуге қолдау көрсету.

«Бастауын бүгін алған жоба Астана қаласының жастарын, аутизмге шалдыққан балаларды әлеуметтендіруге бағытталған. Оның арқасында балалар өздерінің сүйікті мультфильмдерін кинотеатрларда тегін тамашалай алады. Осылайша біз қоғам назарын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тағдырына аудартқымыз, олардың жақсылыққа деген сеніміне, қоғам тарапынан махаббатты, қолдау мен қамқорлықты сезінуіне мүмкіндік бергіміз келеді», - деді қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин.

Айта кетейік, қазіргі таңда Астана әкімдігі мен «Kinopark Theatres» кинотеатрлар желілері арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумды бекітуге қатысты мәселе шешіліп жатыр. Бұл өз кезегінде мультфильмдердің қайырымдылық және ерекше күтімге мұқтаж балалар үшін бейімдендірілген көрсетілімін тұрақты түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер