BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.88 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.41 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.65
Астана:

Астана қаласының әкімдігі дауылдан зардап шеккендердің шығындарын атады

Астанада табиғаттың төтенше жағдай режимі тоқтатылды. Елорда әкімдігінің өкілдері ауа райының қолайсыздығынан туындаған ғимараттар қабырғалары қирауының себептері туралы айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпараттық агенттігі Kapital.kz сайтына сілтеме жасап.

«11 қаңтарда Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің шешімі бойынша, ауа райы жағдайының күрт нашарлауына байланысты төтенше жағдай бір күнге жарияланған. Кеше төтенше жағдай режимі өз ісін тоқтатты», - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Эльвира Жүргенбаева.

Баспасөз хатшысының айтуынша, қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты 26 тұрғын үй ғимаратының шатырлары мен қабырғаларынан құрылыс материалдары құлаған.

«Алматы ауданында - 4, Сарыарқа ауданында - 8, Есіл ауданында – 14 тұрғын үй бүгінгі күнде зардап шегуде. Сонымен қатар, әлеуметтік нысандар да зардап шекті. Қалада жалпы білім беру ұйымдарының төрт мектебі мен үш балабақшасының шатыры бұзылып, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің шатырының бір бөлігі құлап түскен. Негізінде электр сымдары зақымданған, су ағызатын құбыр, металлдар, терезелер сынған, 131 жарық бағдаршамы майысқан және 16 аялдама бұзылған күйінде жатыр», - деді Эльвира Жүргенбаева.

Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қамалжан Надыровтың айтуынша, елордада зардап шеккен адамдардың саны 39 болды.

«Екі адам ауруханаға жатқызылды, қалғандары тұрғылықты жері бойынша емханаларында емделуде. Дауылда қалған адамдардың көбі қаңқа сүйектері мен қатар бұлшық еттерін зақымдатып алған. Сонымен қатар, ми қыртысы жабық күйінде жарақат алған науқас ауруханаға жатқызылды. Науқасқа операция жасалып, бас сүйегінің гематомасы алынып тасталды. Қазіргі уақытта науқас емделіп жатыр. Жағдайы ауыр. Ал екінші науқас ғимаратта тұрған құрал-саймандардың абайсыздан басына құлап кетуінен жарақат алған болатын», - деп мәлімдеді Қамалжан Надыров.

Айта кетейік, 2018 жылдың 11 қаңтарында елордада ауа райының күрт нашарлауына байланысты қала әкімі Әсет Исекешевтің шешімімен төтенше жағдай режимі жарияланған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер