BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Астана қаласында Techstars Startup Week ғаламдық стартап апталығы басталды

8-14 қазан аралығында Астана және Алматы қалаларында тұңғыш рет Techstars Startup Week стартап апталығы өтеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Жас ғалымдар мен технологтарға, кәсіпкелер мен экономистерге арналған үлкен жоба басталды. Стартап аптаның аясында 10 түрлі алаңда 30-дан астам іс-шаралар жоспарланған. Әрбір бағыт бойынша оқыту, нетворкинг, конкурстар және басқа да іс-шаралар жүргізілетін болады. Ғаламдық іс-шараға қатысушылар пікірлестерін, серіктестерін, достарын табуға және өздері үшін жаңа мағлұмат алуға мүмкіндік береді.

Жеті күн ішінде қатысушылар 7 бағытта білім алып, жұмыс істейтін болады. Олар: қаржылық технологиялар, экологиялық жүйе, кәсіпкерлік, корпоративтік инновациялар, ақылды қала, әйелдер кәсіпкерлігі және ақпаратты технология.

«Techstars» халықаралық акселератор аясында жаһандық іс-шара кәсіпкерлерді, өнер және мәдениет қайраткерлері, көшбасшылар мен талантты адамдарды біріктіреді. Стартап аптасының мақсаты – бизнес өкілдерінің өзара әрекеттігі үшін жаңа мүмкіндіктер беру.

«Бұл іс-шараны қала әкімшілігі қолдап отыр. Жоба аясында кез-келген адам өз бағын сынауға болады. Олар 3-5 адамнан 30 топқа бөлінеді. Олардың ішінен финалға 10 топ өтеді. Барлық қатысушыларға тапсырма беріледі, 48 сағат ішінде жауабын тапқан 3 топ үздік атанады. Үздік аталған ойыншылар 1 000 000 теңгені тең бөліп алады. Бұдан тыс егер сіз өз мүмкіндігіңізді көрсете алсаңыз жұмыспен, оқу грантымен, шетелге шығу мүмкіндігін иеленуіңізге болады. Осы жексенбі күнісіздерді осы іс-шара куәгері болуға шақырамын. Іс-шаралар тізімін біздің сайттан алуға болады»,- дейді «Астана Innovations» инновациялық экожүйені дамыту орталығының басшысы Қалдыбаев Нұрсұлтан

Жоба ұйымдастырушылары: Бизнес-инкубатор MOST, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік, Astana Nub халықаралық технопарк, Астана қаласының әкімдігі, «Астана Innovations» АҚ, BeinTech бизнс-инкубаторы және Zhaina Woman БКҰ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер