BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Астанада дауыл болатыны ескертілді

Астана, BAQ.KZ. Астана қаласы ТЖД ауа райына байланысты халыққа кеңес берді.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша, Астана қ.: 8 қарашада көктайғақ, жаяу бұрқасын күтілуде. Таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына:

- мұқият болыңыз, ауа-райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағалаңыз;

- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, ЭЖЖ және сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;

- құрылыс объектілері қолайсыз ауа райы жағдайы әсерінен аумақтарды және тұрғындарды қорғау, құрылыс алаңдарында мүмкіндікше құрылыс-монтаж жұмыстарына шектеу бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет;

- аяқ астына мұқият қараңыз, қауіпті жерлерді айналып өтуге тырысыңыз. Егер де мұзды «шалшықты» айналып өту мүмкін болмаса, онда оның үстінен шаңғышы сияқты, жеңіл адыммен жүріңіз.

Жолдан өту кезінде асықпаңыз, жүгіріп өтпеңіз, сақтық шараларын сақтаңыз.

Естеріңізде болсын: ең қауіпті арқамен, бетпен құлауқауіпті, бастан зақым алуыңыз мүмкін. Зардап шексеңіз міндетті түрде дәрігерге алғашқы медициналық көмек алуға қаралыңыз.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер