BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.86 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Астана базарларында кеңес орталығы ашылды

Фото: интернеттен

Астана, BAQ.KZ. Бүгін елордадағы «Аймақ Тау» сауда орталығында «Жастарға көмек беру» орталығы ашылады. Сағат 11.00 мен 13.00 аралығында орталықтың ашық есік күні өтті.

Орталықта базар келушілері мен жұмыскерлері Астана қаласы әкімдігінің Тұрғын үй басқарамасы, Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы, Жұмыспен қамту орталығы, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Халыққа қызмет көрсету орталығы және т.б. мекемелерінің өкілдеріне жолыға алады. Сонымен қатар, кәсіби заңгер мен психолог маманы консультациялар жүргізеді.

Шараның мақсаты – жастардың өзекті мәселелерін шешу, тұрғын үй, жұмыспен қамту және т.б. мәселе бойынша консультациялық көмек көрсету.

Бастама Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ-мен «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама жол картасын» жүзеге асыру аясында ұйымдастырылмақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер