Астана автобустарында валидатор істемесе, жолақысын төлеу міндетті ме - Қоғам|07 Желтоқсан 2017, 11:54
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

Астана автобустарында валидатор істемесе, жолақысын төлеу міндетті ме

«Астана LRT» ЖШС валидатор істемей қалған кезде, жолаушылардың жолақысын қалай төлейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап.

Астана қаласында валидатор істемей қалған кезде, тіпті, AstraPlat картасы қолыңызда болса да, жолақысын қолма-қол төлеуге міндеттісіз. Осылай деп түсіндірді«Астана LRT» қызметкері.

«Қолыңызда картаңыздың бар болып тұрғанына қарамастан, валидатор істемей қалса, жолақысын төлеуге міндеттісіз. Себебі, ережеге сәйкес, әр жолаушының қолында билет болуы тиіс. Әрине, қолыңызда AstraPlat картасының бар екенін, сол картадағы ақшаға сеніп автобусқа мінуіңіз мүмкін екенін жақсы түсінемін. Бірақ сіз А нүктесінен В нүктесіне дейін жол жүрдіңіз ғой. Тіпті, бір сағат ішінде AstraPlat картасының арқасында бірнеше рет автобус ауыстыра алсаңыз да. Егер сізге бұл ереже ұнамаса, автобустан түсіп қалып, басқасына отыруыңызға болады», - дейді «Астана LRT» ЖШС қоғаммен байланыс департаментінің директоры Асқар Атагулин.

Мұнымен қатар, ол валидаторлардың істемей қалуына жемқорлықтың ешқандай қатысы жоқ екенін айтып өтті. Яғни валидаторды жүргізуші немесе кондуктор өшіріп қоя алмайды. Ол тек жүйеде белгілі бір ақау болған кезде істен шығады.

«Қаладағы 70 пайыз автобусқа талаптарға сай валидатор қойылған. Бірақ қала тұрғындарының жайлылығын ескеріп, автобустарды мерзімінен бұрын қолданысқа бердік. Сол себепті, валидаторға қатысты мәселелерді әлі желтоқсан айының соңына дейін шешетін боламыз. Жаңа жылдан бастап аталған құрылғы ақаусыз жұмыс істейтін болады», - дейді Асқар Атагулин.

Бұдан өзге «Астана LRT» ЖШС қоғаммен байланыс департаментінің директоры 2018 жылдан бастап валидаторлар істемей қалған жағдайда жолаушылардың - 574-777 нөміріне хабарласа алатындарын айтты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер