BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі басталды

Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі басталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Діни көшбасшылар кеңесінің үшінші отырысын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ашты. Аталған отырыстан кейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлемді жақтайды» тақырыбында жалпы отырыс өтеді. Съезд екі күнге жалғасады.

Съезд жұмысына барлық әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері, беделді діни көшбасшылар, саяси қайраткерлер мен халықаралық ұйым өкілдерінен құралған 46 елден 82 делегация қатысып отыр.

Съезд төрт негізгі бағыт бойынша өтеді. Олар: 1-ші секциялық отырыс. «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі» жаһандық қауіпсіздік тұжырымдамасы ретінде».

2-ші секциялық отырыс. «Құбылмалы геосаясат жағдайындағы діндер: адамзатты біріктіруге арналған жаңа мүмкіндіктер».

3-ші секциялық отырыс. «Дін және жаһандану: сын-тегеуіріндер мен жауаптар».

4-ші секциялық отырыс. «Дін көшбасшылары мен саяси қайраткерлер экстремизм мен терроризмді еңсеру жолында».

Еске сала кетсек, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі алғаш рет Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде шақырылған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер