BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Астана әкімдігі үлескерлерді сақ болуға шақырады

Фото: Kn.kz

Астана, BAQ.KZ. Қалалық ортаның сапасына бақылау басқармасы мен Астана қаласының прокуратурасы бірлесе отырып қала тұрғындарының өтініші бойынша тексеріс жүргізгенде «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу» туралы заңын бұзушылықтарды анықтаған. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Үлескерлердің назарына!

3-баптың 2-тармағының талаптарына сәйкес - Заңмен белгіленген талаптарын бұза отырып тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) салу үшін жеке және заңды тұлғалардан ақша тартуға тыйым салынады.

Жоғарыда айтылған ескертпелер құрылыс салушылардың тұрғын үй құрылысы бойынша жеке және заңды тұлғалар алдындағы міндеттемелерді орындамағаны үшін және нашар атына байланысты заңмен тікелей шектелген.

Астана қаласы аумағында компаниялардың заңсыз құрылыс жүргізу салдарынан проблемалы нысандар бар, олардың құрылысы өте баяу немесе тоқтап қалған. Осыны ескере отырып әкімдік қызметкерлері мен прокуратура осындай заңсыздықтардың алдын алу мақсатында жұмыс жүргізіп жатыр.

Бүгінде тексеріс нәтижесі бойынша 15 құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылған:

1. «Көркем Тоwеr» көпқабатты тұрғын үй кешені «Industrial Innovation Group» ЖШС

2. «Orynbor towers ТК (1-3) – 22 қабат» 2 кезек «Kaz Industrial group» ЖШС

3. «Bi-City Seoul» (7 кезек с 20.02.2018 ж) ТК «Premier Palace» ЖШС

4. «Crocus City» (1 кезек) ТК «Алтын Дала Астана» ЖШС

5. «Камал-5» ТК 5 кезек «Town House» ЖШС

6. «Dream City» ТК 2 кезек «Город Счастья» ЖШС

7. «Кристалл-2» көпқабатты тұрғын үй кешені «АстанаСтройДом» ЖШС

8. «Інжу» көпқабатты тұрғын үй кешені «КазТемірТрейд-2012» ЖШС

9. «Алтын Отау» ТК «Арзан 777» ЖШС

10. Байтұрсынов және А 77 көш КТК «SAT Construction Group» ЖШС

11. «Expo new life» ТК «Шанг Хи групп» ЖШС

12. «Park Avenue Exclusive» ТК «АБК-Технологическая Оснастка» ЖШС

13. «Green Wich» ТК «Астана құрылыс Монтаж НС» ЖШС

14. «Спортивная академия» ТК «Объединение-Сайран» ЖШС

15. «Нова Сити» ТК «Luxor.kz Company» ЖШС

Жадынама

Келісімшарт жасасу бойынша талаптар

(ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ)

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы келісімшарт жазбаша түрде жасалады және жергілікті атқарушы органында оның есепке алу сәтінен бастап жасалған деп есептеледі.

Үлескерлердің ақшасын тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсаты негізінде уәкілетті компаниямен жүзеге асырылады.

Уәкілетті компания тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мақсатында келісімшарт жасасуға ниетті жеке және заңды тұлғаларға құрылыс объектісі туралы толық ақпарат беруге міндетті.

Уәкілетті компания толық емес және дұрыс емес ақпарат берген Жағдайда үлескер тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты жарамсыз деп тану үшін сотқа жүгіне алады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер