BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.88 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.41 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.65
Астана:

Жолақысын төлемеген астаналық әйел 2 жылға сотталуы мүмкін

№51 маршрутты кезекті тексеру кезінде «Астана LRT» ЖШС транспорттық бақылау Департаментінің қызметкерлері жолаушы әйелдің жалған зейнеткер куәлігін пайдаланып келгенін анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі alrt.kz сайтына сілтеме жасап.

«Астана LRT» ЖШС транспорттық бақылау Департаменті күн сайын қалалық автобустарды тексереді. Дәлірек Департамент инспекторы кондуктордың билеттерді ережеге сай таратуын және жолаушылардың міндетті түрде жолақысын төлеп отыруын қадағалайды. №51 маршрутты тексеру кезінде Департамент қызметкерлері ереже бұзып, жалған зейнеткер куәлігін пайдаланып жүрген әйелді ұстады.

Инспекторлер сол жерде тұрып полиция шақырады. Енді Астана тұрғынының үстінен ҚР ҚК 1-тарау 385-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жалған құжат әзірлегені үшін әйел 4 810 000 теңге көлемінде айыппұл төлейді немесе екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер