BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 342.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 400.85 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.51
Астана:

Әскердегі қылмыстар 28% төмендетілген

Фото: prokuror.gov.kz

Қазақстанның Қарулы күштері саласындағы қылмыстар саны 28% азайтылды. Бұл жөнінде ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров бас прокуратураның алқа отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бас прокуратураның наразылығы нәтижесіне Жоғарғы сот 269 сот үкіміне өзгеріс енгізді. Нәтижесінде 12 адам ақталды. Бұл 12 азаматтың үшеуі 1 жылдан 7 жылға дейін абақтыда отырғандар. Сондай-ақ, 223 сотталған азаматтың жазасы жеңілдетілді», - деді Бас прокурор.

Сондай-ақ, Қожамжаров елімізде әскер қатарындағы қылмыстың азайғаны туралы мәлімдеді.

«Прокурорлар жүргізген тексеру нәтижесінде Қарулы күштердегі қылмыс саны 28%, әкімшілік құқық бұзушылықтар 45%, әскерилердің өлімі 24%, жарақаттану 16% төмендетілді. Қадағалау актілері арқылы өтемақы, тұрғын үй және коммуналдық қамтамасыз етуге қатысты 7 мың әскери қызметшінің әлеуметтік құқығы қалпына келтірілді. Бұл бағыт стратегиялық маңызды болып табылады. Себебі, заңдылықтың жай-күйі мемлекеттің әскери қауіпсіздігі мен қорғанысына байланысты», - деді еліміздің Бас прокуроры.

Алқа отырысында Қожамжаров Бас әскери прокурор Дастан Сартаевқа әскери мүлікті сатып алу барысында жымқыру фактісіне жол бермеуге, бекітілмеген қарым-қатынастарды болдырмауға және өз қатарында әділдікті сақтауға қатысты бірқатар тапсырма жүктеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
13 Сәуір 2017, 11:28
Әскердегі Ұлыма
Пікірлер