BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 359 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.1 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Ашық деректер порталы арқылы азаматтар 2800 деректі еркін пайдалана алады

Фото: Нұржас Жақсыбай

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев халық алдында есеп беру жиынында «Ашық үкімет» жобасына ерекше назар аударатынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Ашық деректер порталы арқылы ел азаматтары 2800-ге жуық дерекке қол жеткізуге мүмкіндік алады. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш арта түседі. Осы порталда 25000 нормативтік құқықтық акт пен дәл сондай көлемдегі бюджеттік бағдарламалардың жобалары орналасады. Кез келген азамат мемлекеттік органдарының бірінші жетекшілерінің блогплатформасы арқылы өзін қызықтырған сұрақтарға жауап тауып, ашық диалог порталы арқылы интернет-конференцияларға қатыса алады. Бұл құралдардың барлығы ел тұрғындары мен мемлекет арасындағы көпірді нығайту үшін қолға алынып отыр», - деді ол.

Ол еліміздің ақпараттық нарығын ынталандыру мақсатында қандай имидждік іс-шаралар өткізіліп отырғанын атап өтті.

«Биыл телевизиядағы журналистер аясында «Тұмар» байқауы екінші рет өтті. Бұл шара қазақ телевизиясының 60 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Осы жылдың маусым айында, яғни БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында «Үркер» премиясы салтанатты түрде табысталады. Сонымен қатар, қазақстандық БАҚ үшін Astana Media Week аптасын өткізу дәстүрге айналды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында министрлік «Қазақстанның 100 жаңа есімін» жүзеге асыруда. Ашық дауыс беру нәтижесінде өз еңбектерімен үлкен әлеуметтік табысқа жеткен еліміздің жаңа есімдері белгілі болды. Өткен жылдың 1 желтоқсанында олар Елбасымен кездесті. «100 жаңа есімнің» қоғамға пайдалы жобалары мемлекеттің қолдауына ие болатынын атап өткім келеді», - деді Абаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер