BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Әсет Исекешев: Астанада дәрігерлер жанкештілікпен жұмыс істейді

Фото: 7News.kz

Елорда әкімі Әсет Исекешев медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында астаналық дәрігерлердің жанкештілікпен жұмыс істейтінін, олардың жұмысы ауыр екенін мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Астанада дәрігерлер жанкештілікпен жұмыс істейді. Бізде жылына қалаға 50 мыңнан 100 мыңға дейін адамдар келеді. Бұл қалалық клиникаларға салмақ түсіреді. Тіпті олар 150% жүктемемен жұмыс істейді. Оларға 1,5 есе артық салмақ түседі. Емханаларға күніне 8,5 мың тұрғын келеді, 400 науқан ауруханаға жатқызылады, 120 күрделі операция жасалады. Ал тәулігіне жедел жәрдем қызметі 1500 шақыртуды қабылдайды. Бұл – үлкен жұмыс. Оcы сандардың артында сіздердің ерен еңбектеріңіз тұр», - деді қала әкімі Аltyn Shipager бірінші медициналық жүлдесін табыстау рәсімінде.

Осыған дейін Әсет Исекешев елордалық дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, оларға пәтер кілтін табыстаған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер