BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Асанов: Судьялардағы менмендік мемлекеттік мәселелерді шешуге кедергі келтіріп отыр 

Фото: Нұржас Жақсыбай

Бұл жөнінде Жоғарғы сотта сот төрелігін жүзеге асырудың 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша республика судьяларының кеңейтілген жиын барысында ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біз прокуратураның айтқанына құлақ аспаймыз. Сот жүйесі прокуратураны естімейді. Мен Бас прокуратураны айтып тұрмын. Бас прокуратура бұл ІТ-бағдарламаны әзірлегеніне екі жыл болды. Өткен жылы-ақ мұны назарға алу керек еді. 550 наразылық Жоғарғы сотпен қанағаттандырды. Мұндай ешқашан болған емес. Бұл соңғы 8-9 жылда болған көрсектікше тең. Бұл сонда көңіл аударарлық дабыл емес пе? Жоғарғы сотқа дайын бағдарламаны «сыйға тартып» отыр. Ал біз естімейміз. Неге? Себебі, менмендік бар. Себебі, біз барлығынан жақсы білеміз, бізді үйретудің қажеті жоқ деп санаймыз. Дәл осы менмендік мемлекеттік мәселелерді шешуге кедергі келтіріп отыр. Бұл кеудемсоқтықты жоймайынша, жұмыста ешқандай ілгерілеушілік болмайды. Өткен жылы 550, осы жылы 200 наразылық қанағаттандырылды. Ең жақсы жылдардың өзінде мұндай көрсеткіш 40-тан аспайтын. Мәселе санында емес. Мәселе әр наразылықтың артында адамдар, олардың мүдделері тұрғанында. Себебі, біз ол адамдардың айтқанын естімейміз, содан соң олар прокуратураға барады, ал ол жақтан біз наразылық аламыз», - деді ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжановтың баяндамасын тыңдаған соң.

Еске сала кетсек, Марат Ахметжанов Бас прокуратура судьялар мен мемлекеттік айыптаушылардың жұмысында көмекші болатын арнайы жүйе әзірлегенін мәлімдеген болатын. Жүйе елдегі кей судьялардың үкім шығарудағы өрескел қателіктерін анықтап отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер