BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Асанов: Сот жүйесіндегі ең үлкен проблема – бұл аномальді жүктеме

Фото: Нұржас Жақсыбай

Аномальді жүктеме сот жүйесіндегі ең үлкен проблемаға айналып отыр. Бұл жөнінде Жоғарғы сотта сот төрелігін жүзеге асырудың 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша республика судьяларының кеңейтілген жиыны барысында Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бүгінгі күні сот жүйесіндегі ең үлкен проблема – бұл аномальді жүктеме. Мен тағы қайталап айтамын, аномальді жүктеме. Ең қызығы, жыл сайын біздерге, сот органдарына басқа мемлекеттік органдар өз қызметтерін тапсырып отыр. Бұл осымен нешінші жыл жалғасып отыр. Сол сияқты, мемлекеттік органдарда қызметтері қысқарып жатқанымен, штаттары бәз-баяғы күйінде қалуда. Ал, судьялар саны артпайды, бірақ, жұмыс көлемі еселеп өсіп отыр. Соңғы бес жыл ішінде жұмыс көлемі 2 есе артқан. Істер мен материалдар 1,4 млн болса, қазір 2,7 млн жетіп отыр. Бұл дұрыс емес. Мұндай үлкен жүктеме кезінде біз қалайша жұмыстың сапалы болуын талап ете аламыз? Астана мен Алматыда судьялар жыларман болып отыр. Олар күніне 15-20 сот шешімін шығарып отырғандарын айтуда. Бұл 2017 жылғы көрсеткіш. Осы жылғы өсім 30 процентке жетті. Ең алдымен, бұл судьяларда және соттарда әділ сотты орындауға еш қатысы жоқ артық жұмыс көп. Мемлекетке де, қоғамға да пайдасы жоқ осы артық жұмыстардан соттарды босату үшін не жасау керек? Оларды шешу үшін біз бірқатар пилоттық жобаларды жүзеге асырып отырмыз. Сот бюрократиясынан бастайық. Астана қаласындағы Сарыарқа ауданындық сотында жұмыс процестерін оңтайлы етіп ретке келтірдік», - деп бөлісті Жақыпов.

Еске сала кетсек, кеңейтілген жиын барысында Жақып Асанов Жоғарғы соттың Бас прокуратураның айтқанына құлақ аспайтынын, соның салдарынан, наразылықтар жолданып отырғанын айтқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер