USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Арыстанбек Мұxамедиұлы: Фейсбукке кешкі уақытта кіремін

Сенбі күні Фейсбук әлеуметтік желісіне тіркелген ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы кеше парақшасын жауып тастаған еді. Үкімет отырысынан кейін журналистер қауымы министрден мұның себебін сұрады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Екі күннен кейін қайта ашамын. Фейсбуктегі парақшамды өзім жүргіземін. Сенбесеңіздер, келіп көрулеріңізге болады. Ал әлеуметтік желіге, негізінен, кешкі уақытта кіремін»,-деді Арыстанбек Мұxамедиұлы.

Естеріңізге салып өтсек, кеше Арыстанбек Мұхамедиұлының Фейсбуктегі парақшасы екі күн болмай жатып жабылып қалғанын хабарлаған болатынбыз.

26 қарашада ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Фейсбук әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашқан болатын.

«Қадірлі достар! Мен мәдениет пен спортқа қатысты нақты ақпараттарды бөлісуге, сондай-ақ, осы саладағы барлық маңызды мәселелерді талқылау үшін Facebook әлеуметтік желісінде парақша ашуды жөн көрдім. Сонымен қатар, осы парақша арқылы жас режиссерлермен, суретшілермен, әртістермен, әншілермен және де көптеген дарынды тұлғалармен тілдесуге әрі байланыс орнатуға дайынмын. Себебі біздің қасиетті жеріміз талантты жандарға кенде емес. Өзімнің достарыма сапалы «кері байланыс» пен қолдау білдіргендері үшін зор алғысымды білдіремін. Барлық ой-пікірлерді жеке өзім оқуға және мүмкіндігінше жауап беруге тырысамын», -деп жазған болатын министр.

Арыстанбек Мұхамедиұлы сондай-ақ Фейсбуктегі парақшасын жеке өзі жүргізіп отырғанын айтып, пікір білдірушілерді жөн-жосықсыз сөздерді жазбауға шақырған еді.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады