BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Арыстанбек Мұхамедиұлы «Streetworkout» байқауын қорытындылады

Түркістан облысының тұрғыны жарты миллион теңгені Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қолынан алды. Азамат Сапар турникті ұршықша иіретінін көрсетіп, 500 мың теңгені ұтып алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Астаны қаласының 20-жылдығын мерекелеу аясында «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде сәуір айының соңында министр Арыстанбек Мұхамедиұлы бастаған Challenge Street Workoutтің қорытындысы шығарылды. Бас-аяғы байқауға еліміздің түрлі өңірлерінен 167 өтінім түсті. Сонымен қатар, АҚШ, Қытай мемлекеттерінен де қатысушылар белсенділік танытты.

Қазылар алқасының пікірінше, бейнежазбалардың авторлары челленджге аса жауапкершілікпен қараған. 167 өтінімнің 126-сы қазылар алқасының қарауынан өтті, Алматы, Астана, Талдықорған, Қарағанды облысынан ең көп өтінім келіп түскен.

Қатысушылар арасында елімізге танымал Серік Сәпиев, Әділ Ахметов, Қайрат Нұртас, Денис Тен, Галиб Джафаров, Қанат Ислам, Жақсылық Үшкемпіров, Юрий Мельниченко, Нұрбақыт Теңізбаев, Әсет Иманбаев, Ардақ Назаров, Мөлдір Әуелбекова, Меломен тобы және басқа да спорт және өнер қайраткерлері бар.

Өтінімді тіпті ұжым болып жібергендер бар, олардың арасында Ұлттық штаттық командалар резерві дирекциясы, Жаркент Арасан санаториі, Ақтөбе облысының спорт және дене шынықтыру басқармасы, үкімет өкілдері – Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар да қатысқан.

Арыстанбек Мұхамедиұлы аталған челлендждің салауатты өмір салтын қалыптастыруда маңыздылығын атап өтті.

«Осы челлендждің қатысушыларына алғыс білдіремін. Бұл біздің соңғы акциямыз емес, біз бұдан әрі де мұндай шараларды жалғастырамыз. Біз жақын арада Ақтау қаласында спорт алаңын саламыз», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Ең үздік роликтің авторы ақтаулық Эльдар Ягьяев. Ол 10 мың дауыс жинады. Енді оның қаласында кәсіби көше алаңы пайда болады.

Ақтөбе қаласының тұрғыны, 8 жастағы рекордшы Мұса Туркумбаевта ынталандыру сыйлығына ие болды. Алматылық Саят Дүйсенбі де назардан тыс қалмады. Қостанай қаласының ІІМ Академиясы «Үздік командалық бейнежазба» аталымында үздік шықты, «Үздік мотивациялық бейнежазба» Толағай Шынболатовтың еншісінде, ал Ұлттық штаттық командалар резервінің бейнежазбасы «Ең сапалы видео» аталымында үздік атанды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер