BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Антибиотиктерді дұрыс пайдаланып жүрсіз ба?

Астана, BAQ.KZ. Микробқа қарсы препараттарға төзімділікпен күрес бойынша ДДСҰ жаһандық іс-қимыл жоспары шеңберінде 2018 жылы 12 – 18 қараша аралығында Қазақстанда Дүниежүзілік антибиотиктерді дұрыс пайдалану апталығы өтті.

Бұл іс-шара антибиотиктерге төзімділік мәселесіне қоғамның назарын аудару және осы саладағы озық тәжірибе туралы халықтың, денсаулық сақтау қызметкерлері мен осы құбылыстың одан әрі таралуын болдырмау үшін саясатты әзірлеуге жауапты тұлғаларды ақпараттандыру мақсатында өткізілді.

Барлық облыстарда, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында апталықты дайындау және өткізу үшін жұмыс топтары құрылды. Антибиотиктерді пайдалану бойынша сұрақтар мен жауаптар үшін "қауырт желі" жұмысы қамтамасыз етілді.

Астана қаласында 13 қарашада ДДСҰ, Денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы министрліктері, Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы, медициналық ұйымдар, АМУ, медициналық қоғам өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел отырысында антибиотиктердің қаупі мен пайдасы, республикадағы микробқа қарсы препараттарға төзімділіктің дамуын тежеу мәселелері талқыланды. Оның қорытындысы бойынша қарар қабылданды.

Елорданың барлық аудандарында орналасқан LED-экранда, Министрліктер үйінде, сондай-ақ қоғамдық көліктерде роликтер көрсетілді.

Апта барысында өңірлерде 20 семинар мен 677 консультация пункті құрылып, 1313 адамға кеңес берілді.

Дүниежүзілік антибиотиктерді дұрыс пайдалану апталығын өткізу халықтың, медицина жұртшылығының хабардарлығын арттыруға, микробқа қарсы препараттарға төзімділіктің жоғарылауынан және антибиотиктерді дұрыс қолдану бойынша одан әрі шаралар қабылдау қажеттілігінен туындаған қауіптерді барынша терең түсінуге мүмкіндік берді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер