BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Алтын әшекейлер жыл ішінде 7% қымбаттаған

Фото: 1gr.tv

Күмістен әшекей бұйымдар бір айда 0,2%, ал бір жыл ішінде 8,2% өскен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Күзге қарай алтын әшекей бұйымдары бір грамы үшін 15,7 мың теңгеге бағаланған, яғни былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 6,9% қымбат. Күміс әшекей бұйымдардың бағасы бір грамы үшін бір жыл ішінде 8,2%, яғни 1,5 мың теңгеге өсті.

Алтын әшекей бұйымдары ірі қалалар ішінде Астанада қымбат (бір грамы үшін 23,5 мың теңге), ал күміс әшекей бұйымдар Атырауда (бір грамы үшін 2,1 мың теңге) қымбат.

Алтын өндіру жыл сайын артып келеді, тонна өңделмеген алтын көлемі – жеті ай ішінде 53,4 тонна (бір жыл ішінде 10,7%)


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер