BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 341.08 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.46 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.37
Астана:

Әлтаев: Электронды еңбек биржасының көмегімен 112 мың адам жұмысқа орналасты 

2018 жылдың басынан электронды еңбек биржасы арқылы 112 мың адам жұмыс тапты. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен электронды еңбек биржасы www.enbek.kz атты жұмысқа орналасудың бірыңғай цифрлы алаңы іске қосылды. Бұл алаң – өте қолайлы. Себебі, аталған биржаның мүмкіндігін жұмыс беруші кәсіпорындар, жұмыс іздеуші азаматтар және жеке агенттіктер пайдаланады. Жыл басынан бері 35 мыңнан астам бос жұмыс орны осы порталда орналастырылған. 70 мың қазақстандық азамат өз резюмелерін электронды биржаға енгізді. Биыл 112 мың азамат осы электронды еңбек биржасының көмегімен жұмысқа орналасты», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, бүгінде электронды еңбек биржасына 5 интернет портал қосылыпты.

«Сонымен қатар Астана, Алматы қалалары мен басқа облыс орталықтарындағы «ИнфоМедиа», «Работа для всех», «Биржа труда», «Трудоустройство учение» сынды газеттер мен анықтама қызметтері аталған электронды еңбек биржасы арқылы жұмыс іздеп отыр. Бүгінде электронды еңбек биржасына айына 141 мың адам кіріп, бос жұмыс орындарын қарайды. Жалпы жыл басынан бері биржаға 2,5 млн адам кірген», - деп түйіндеді сөзін вице-министр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер